ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақстанда АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейі артуы мүмкін

Қаржы министрлігі «2022-2024 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады.

Осылайша, заң жобасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге (қазіргі уақытта 19 450 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге (қазіргі уақытта 46 302 теңге);
  • жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұл, салық және басқа да төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш – 3180 теңге (қазіргі уақытта 3 063 теңге);
  • базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге (қазіргі уақытта 36 018 теңге).

Басқа материалдар

Back to top button