Жаңалық Редакция таңдауы

Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Бүгін 12 сәуір ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілген Ғылым қызметкерлерінің күні.

Барша ғалымдарды, ғылыми институт мамандарын сонымен қатар, ғылым саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, Қазақстанның қарқындап дамуына үлес қосатын жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!

Қазақстанның ғылыми әлеуеті қашанда жоғары екенін, біз шын мәнінде ғылым саласында біртұтас мектептің негізін салған, өзінің ғылыми арнасында айтулы жетістіктерге қол жеткізген ғалымдарымызбен мақтанатынымызды баса айту керек.

Мереке күні болып 12 сәуір тегін таңдалмаған. Бұл күні қазақ ғылым Академиясының бірінші президенті, ғалым-геолог, көрнекті қазақ академигі Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.
Мереке ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен 2011 жылдан бастап бекітіліп, 2012 жылдан бері атап өтілуде.

Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы негіз болды. Содан бері 76 жыл өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында көптеген қызметкерлер жұмыс атқаруда.

Соңғы жылдары республикамыздағы ғылым саласында айтарлықтай өзгерістер орын алды. «Ғылым туралы» заң қабылданды, ғылымды басқарудың жаңа үлгісі мен қаржыландырудың жаңа тетіктері жұмыс істей бастады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button