Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстандағы Өлі көл туралы білесіз бе?

Қазақстанның ұшы қиыры жоқ дала табиғаты өз сұлулығымен кімді болсын тамсандырмай қоймайды. Қазақ елінің кең байтақ жері көпшілік ойлайтындай теп-тегіс дала емес, керісінше түрлі ерекшеліктерге толы. Қазақстанда Еуропадағыдай Альп тауларды, Африкадағы секілді сусылдаған құм төбелерді, Америкадағыдай каньон-шатқалдарды кездестіру қалыпты жағдай.

Десе де, адамды сиқырлап алатын табиғаттың да өзіндік ашылмаған құпиялары қаншама?! Сіз бен біз естімеген аяқ басып көрмеген жерлер де жетерлік. Кең  байтақ жазира даламыздың да өзіндік тылсым сырлары бар. Біз сіздерге «Қазақстанның құпияға толы мекені» айдарымызда Қазақстанның ең қауіпті жерлері мен құпияға толы мекендері туралы айтатын боламыз.

Қазақстанның Талдықорған облысындағы Сапақ ауылы (2010 жылға дейін Герасимовка ауылы)  атын естігенде дене түршігерліктей қорқынышты шағын (ұзындығы 100 метр, ені 60 метр) Өлі көл бар.

Бұл көл белгісіз себептермен жаздың аптап ыстығында жылымайды, қақаған қыста суы қатпайды. Су қысы-жазы суық болып тұрады. Көлдің ішінде ештеңе өспейді. Балықтар тіршілік етпейді. Тіпті, су асты жәндіктері де өмір сүрмейді. Ал жағасынан шыбын, маса секілді жәндік түрлерін көрмейсіз.

Өлі көлдің суында ұзақ тұруға болмайды. Сүңгуірдің ауа баллоны толы болса да, үш минуттан аса уақыт су астында тұра алмайды. Үш минуттан кейін белгісіз себептермен тұншыға бастайды.

Деректерге сүйенер болсақ, мұнда суға батқан адамдар жыл сайын көбеюде. Олар негізінен жергілікті тұрғындардың кеңестерін тыңдамайтын немесе көлдің жұмбақ қасиеттері туралы ештеңе білмейтін келушілер. Бір таң қалдыратын нәрсе: суға кеткен адам көлдің бетіне қалқып шықпай, көлдің түбінде тікесінен тұрып қалады екен. Жергілікті тұрғындар бұл жерді бірнеше км-ден айналып өтеді.

Сонымен қатар, Өлі көлдің жанында таңғажайып оқиғалар да жиі орын алады: адамдар жоғалып, кейінірек күтпеген жерден, көлдің маңынан немесе үйінен алысырақ жерден табылып жатады. Кейбіреулері өз атын есіне түсіре алмайтын көрінеді.

Көлдің түбінде жарықшақ бар, одан улы газ бөлінеді, ол барлық тіршілік иелерін уландырады деген болжам бар. Бірақ әлі күнге дейін көл туралы ғылыми зерттеулер жүргізілмеген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button