ЖаңалықРедакция таңдауы

Instagram-дағы негізгі 6 тренд

Əлеуметтік желілерді пайдаланудың маңызы жылдан жылға артып келеді. Жеке тұлға немесе компания заман ағымынан қалмай, әлеуметтік желінің ұтымды тұстарын ескерсе, дұрыс қолданса, жетістікке жете алады.

XXI ғасыр расымен де техниканың, цифрлы құралдардың, əлеуметтік медианың, «онлайн» форматтың маңызды екенін түсіндірді. Осыған орай жыл сайын әр әлеуметтік желі өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, түрлі функцияларды  іске қосады. Пайдаланушылардың қай бағытта қызығушылық танытатынын ескере отырып бүгін біз сіздерге Instagram-ның 2022 жылғы трендтерін ұсынуды жөн көрдік.

  1. Reels

Instagram өз аудиториясын сақтап қалу және TikTok аудиториясын қызықтыру үшін Reels функциясын іске қосты. Және бұл нәтижелі қадам болды: желі қолданушылар Reels арқылы тегін жазылушылар мен көп қаралым жинауға болатынын байқады және қысқа видеоларды белсенді түрде түсіре бастады.

Сондай-ақ, 2022 жылы пайдаланушыларға TikTok-қа ауыспай, Instagram әлеуетін пайдалануға мүмкіндік беретін Reels-тің жаңа мүмкіндіктері пайда болады.

2022 жылғы негізгі Reels трендтерінің бірі – қысқа видеоларға танымал әуендерді қосу.

  1. Жалпы бейне

Биыл Reels ғана емес видео-стори және тікелей эфирлерлер де трендте. Егер сіз әлі күнге дейін роликтерді өңдемесеңіз немесе түрлі өнімдерге шолулар түсірмесеңіз — дәл осыны бастайтын уақыт келді.

2021 жылы әлеуметтік желінің басшысы Адам Моссери TikTok пен YouTube Instagram-ның басты бәсекелестері екенін айтты. «Біз енді төртбұрышты фотосуреттерді бөлісетін платформа емеспіз»,- деген болатын.

  1. Stories-тағы ойлар мен сторителлинг

Сторителлинг – оқиға арқылы ақпаратты жеткізу әдісі. Мысалы, сіз әлемге фриланстың еркіндік екенін айтқыңыз келеді. Stories-те сіз саяхаттарыңызды көрсетесіз және оны жұмыспен қалай біріктіретініңізді айтасыз. Жұмыс сәттерін көрсетіңіз және өз әрекеттеріңізді түсіндіріңіз. Мағынасы бар Stories жазылушыларға оқиғаны әртүрлі қырынан түсіндіруге бағытталған.

  1. Көбірек мәтін, мағыналы мәтін

Instagram-да сарапшылар көбейіп келеді, ал сараптама оқумен тығыз байланысты. Тіпті бір ойды анық жеткізу үшін кейде көп сөз қажет болуы мүмкін. Instagram шектейтін 2200 таңбаға сәйкес келмейтін посттарды қазір желі қолданушылары жиі жариялайды.

  1. Сапалы тікелей эфирлер

Енді сіз тікелей эфирге дайындық өткізе аласыз. Трансляцияны бастаған кезде «Аудитория» → «Тренировка» режимін таңдауға болады. Бұл режимде тікелей эфир барлығынан жасырылады және сіз эфирге техникалық тұрғыдан дайындала аласыз.

  1. Бірлескен посттар

2021 жылдан бастап Instagram – да бірлескен посттар – Collabs  жасауға болады. Постар бірден екі автордың парақшасында пайда болады, ал олардың астындағы лүпілдер мен пікірлер бірге жинақталады. Сондай-ақ, Collabs екі парақша иелеріне жазбаны өзгертуге және статистиканы көруге мүмкіндік береді.

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button