Жаңалық

Қазақстан - Түркі әлемінің алтын бесігі!

Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы. Қазақ елінің кең-байтақ даласы көшпенді өмір салтының және сол салт негізінде қалыптасқан түркі өркениетінің тал бесігі. Қазақтардың әдет-ғұрпы, тілі мен әдебиеті, музыкасы, дүниетанымы, шежіре дәстүрі – нағыз көне түркі өркениетінің жалғасы.

Ұлы далада бабаларымыз жылқыны алғаш қолға үйретіп, дүниежүзіндегі жауынгерлік өнердің дамуына тың серпін берді. Қазақ ежелден уақыт пен кеңістіктің тілін танып, жыл санаудың өзіндік болжамын жасады. Табиғатқа терең үңіліп, өсімдіктердің пайдасы мен қасиетін ажырата білді. Ізгілікке негізделген дала заңын орнатты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button