Жаңалық

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі.

Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген. Мерекенің бас­ты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Қазақстанның 3 нысаны бар (2012 жылғы мәлімет бойынша). Екі нысан тізімге мәдени талаптар бойынша енгізілсе, біреуі табиғи талаптар бойынша іліккен. Бұдан басқа, 2012 жылғы жағдайына сәйкес Қазақстан территироиясындағы 12 нысан Әлемдік мұра тізіміне үміткер ретінде тіркелген. Қазақстан Республикасы әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвеницияны 1994 жылдың 29 сәуірінде ратификациялаған. Қазақстан территориясындағы орналасқан алғашқы нысан тізімге 2003 жылы ЮНЕСКОның Әлемдік мұра Комитетінің 27-ші сессиясында қабылданған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button