Жаңалық

Еуропадағы ең әдемі тілді білесіз бе?

Шет ел тілдерін үйрену айдарында өткен апта Түрік тілінің базалық деңгейін үйрендік. Осы апта Итальян тілімен танысамыз. Айдарымыздың бүгінгі санында жалпы Итальян тілі туралы қысқаша ақпаратқа тоқталсақ.

Итальян тілі – Еуропадағы ең әдемі тілдердің бірі, ал Италия – бұл климаты керемет, туристер үшін нағыз жұмақ жері бар ежелгі ел.

Итальян тілі үндіеуропалық тілдердің роман тобына жататын, Рим империясы ыдырағаннан кейін халықтық латын тілінен туындаған тіл. Итальян тілінің қалыптасуына Қайта өркендеу дәуірінің қайраткерлері зор ықпал етті. Өз кезегінде, Данте және Бокаччо тілі француз, ағылшын, неміс, испан және басқа Батыс Еуропалық тілдерге әсер етті. Осы тілдердің бәрінде итальян тілінен шыққан, негізінен мәдениет (өнер, әдебиет, музыка) саласындағы жетістіктерге қатысты жүздеген сөздер бар.

Испан және ағылшын тілдерінен ерек, итальян тілі әлемде соншалықты тараған тіл деуге келмейді, алайда оны құрметтейтін қауым баршылық. Қазіргі таңда итальян тілі Италия, Сан-Маринода мемлекеттік тіл және Швейцарияның төрт мемлекеттік тілінің бірі болып табылады. Итальян тілі кеңінен қолданылады – қалай болғанда да Жерорта теңізін мекендейтіндер оны жақсы түсінеді. Италиялық эмигранттар өз тілін Францияға, Германия, Бельгия, Люксембург, Швейцария, Оңтүстік және Солтүстік Америкаға әкелді. Сөйтіп, итальян тілін шамамен 65 млн. адам меңгерген. Интернеттегі таралымы бойынша итальян тілі 7-ші орында тұр.

Итальян тілінің өзіне тән ерекшелігі – дауысты дыбыстардың көп болуы. Бұдан бөлек, итальян тілінде дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздер жоқтың қасы. Сондықтан да бұл тіл соншалықты әуенді әрі әнді болып келеді. Итальян тілінің махаббат пен ән тілі болуы осыдан болар.

Басқа материалдар

Back to top button