Жаңалық Редакция таңдауы

2022 жылы қандай мамандықтар сұранысқа ие?

Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асырау жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген екен.

Мамандық таңдау – маңызды іс. Бұл әсіресе, бітіруші түлектердің бас ауыртар басты мәселесі. Шыны керек, бүгінде мамандықтың түрі көп. Таңдау жасауда талас туатыны да сондықтан. Технологияның дамыған заманында жастарға еңбекке қабілетті, озық білімді, жаңашыл болу шарт.

Әлемдегі оқиғалар мен пандемия Қазақстанның еңбек нарығына айтарлықтай әсер етті. Қашықтан жұмыс және толық цифрландыру жаңа мамандықтарды алға шығарды. 2022 жылы елімізде сұранысқа ие мамандықтарға тоқталсақ.

Статистикалық деректерге сүйенсек, биылғы жылы Қазақстанның еңбек нарығында бағдарламашылар, логисттер мен сәулетшілер  сұранысқа ие болады.

Жыл сайын кәсіби бағдарламашыларға деген қажеттілік артып келеді, ал IT-саласындағы бос жұмыс орындарының саны көбеймесе азайған емес. Бағдарламалық кодты жазумен және бағдарламалық баптауларды жөндеумен айналысатын «классикалық» бағдарламашылардан басқа, веб-дизайнер мамандығы сұранысқа ие және танымал болмақ.

Қазір бизнесте бәсекелестік өте жоғары. Сол себепті бизнеске қойылатын талап та көп. Сондықтан логистика мәселесінде компанияларға жоғары ұтқырлық қажет. Логисттер – тауар қорларының қозғалысын бақылаумен және басқарумен, жеткізушіден тұтынушыға тауарлар мен қызметтерді жеткізудің ұтымды процесін ұйымдастырумен айналысатын маман болғандықтан олардың қызметі өте маңызды.

Бүгінгі таңда жер шарындағы қала тұрғындарының саны айтарлықтай көп. Сондықтан алдағы уақытта сұранысқа ие мамандық сәулет және урбанистика саласының мамандары болмақ. Қазірдің өзінде мегаполистер мен ірі қалалар тұрғындарының саны өсуіне байланысты тұрғын үй құрылысы да қарқынды. Соған сай сәулетшілердің де жұмысына сұраныстың жоғары болары анық.

Сондай-ақ айта кетейік, биыл ең көп оқу гранттары бөлінетін бағыттар – педагогика, IT және техникалық білім салалары болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button