Жаңалық Редакция таңдауы

Итальян тіліндегі сандар

Айдарымыздың бүгінгі санында біз Итальян тілінде сандардың айтылуын қарастырамыз.

Естеріңізге сала кетейік, әр апта сайын біз сіздермен бірге шет ел тілдерінің базалық негізін үйренеміз.

0 Дзэ’ро Zero
1 У’но Uno
2 Ду’э Due
3 Трэ Tre
4 Куа’ттро Quattro
5 Чи’нкуэ Cinque
6 Сэй Sei
7 Сэ’ттэ Sette
8 О’тто Otto
9 Но’вэ Nove
10 Дье’чи Dieci
11 У’ндичи Undici
12 До’дичи Dodici
13 Трэ’дичи Tredici
14 Куатто’рдичи Quattordici
15 Куи’ндичи Quindici
16 Cэ’дичи Sedici
17 Дичассэ’ттэ Diciassette
18 Дичо’тто Diciotto
19 Дичанно’вэ Diciannove
20 Ве’нти Venti
30 Трэ’нта Trenta
40 Куара’нта Quaranta
50 Чинкуа’нта Cinquanta
60 Сэсса’нта Sessanta
70 Сетта’нта Settanta
80 Отта’нта Ottanta
90 Нова’нта Novanta
100 Че’нто Cento
200 Дуэче’нто Duecento
1 Ми’лле Mille
1.000.000 Ун милио’не Un milione

20 және одан жоғары сандар қазақ тіліндегідей жасалады: алдымен ондықтар, содан кейін бірлік. Үш таңбалы сандарда да алдымен жүздіктер, одан кейін ондықтар, ең соңында бірліктер айтылады. Бірақ бір айырмашылық құрама сандар бірге жазылады.

22 – ventidue

37 – trentasette

222 – duecentoventidue

753 – settecentocinquantatrè

1.949 – millenovecentoquarantanove

11.325 – undicimilatrecentoventicinque

134.728 – centotrentaquattromilasettecentoventotto

1.375.435 – un milione trecentosettantacinquemilaquattrocentotrentacinque

Ондық сандарда: venti, trenta, quaranta, cinquanta, т.б. – uno және otto сандарының алдында соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады, мысалы:

21 – Ventuno

28 – Ventotto

31 – Trentuno

38 – Trentotto

41 – Quarantuno және т.б.

Cento – жүз саны әрқашан жекеше түрде болады, мысалы:

100 – cento

200 – duecento

500 – cinquecento

Mille – мың санының көпше түрі бар: mila – мыңдаған, мысалы:

1000 – mille

2000 – duemila

10000 – diecimila

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button