Жаңалық Редакция таңдауы

Кастиль тілі қай тіл?

Шет ел тілдерін үйрену айдарында өткен апта Итальян тілінің базалық деңгейін үйрендік. Осы апта Испан тілімен танысатын боламыз. Айдарымыздың бүгінгі санында жалпы Испан тілі туралы қысқаша ақпаратқа тоқталсақ.

Испан тілі (ис. idioma español), немесе Кастиль тілі (ис. castellano) — Испания, Оңтүстік, Орталық Америка (Гаити, Гайана, Суринам, Кіші Антиль аралдарын қоспағанда) мен Мексиканың, Кубаның (барлығы 20 елдің) әдеби және ресми тілі.

Испан тілінде әлемде 427 миллион адам сөйлейді. Әлемнің 31 елі осы тілде сөйлейді. Испан тілі – БҰҰ, Еуропалық одақ және Оңтүстік Америка Ұлттар Одағы сияқты халықаралық ұйымдардың ресми тілі.

Сондай-ақ, испан тілі Перуде (кечуа тілімен қатар), Боливияда (кечуа және аймара тілдерімен қатар), Пуэрто-Рикода (ағылшын тілімен қатар) ресми тіл болып саналады. Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тілдері тобына жатады. Испан тілі Испанияның бұрынғы отарлары – Танжерде (Марокко), Филиппин аралдарында (тагил тілімен қатар) қолданылады. Балқан түбегінде және Орта Шығыста көне испан тілі кездеседі.

Испан тілі екі диалектілік топқа (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Латын Америкасы тұрғындары тілінің лексикасы мен сөздерінің айтылуында өзгешелік бар. Испан тілі Пиреней түбегіне 2-Пуни соғысы кезінде (б.з.б. 218 – 201) римдіктердің келуіне байланысты тарады.

Испан әдеби тілінің қалыптасуына кастиль диалектісі негіз болғандықтан, ол көп уақыт кастиль тілі деп аталды. Қазіргі испан тілінде 5 дауысты, 18 дауыссыз (16 қатаң, 2 ұяң) дыбыс бар.

Зат есім, сын есім есептелмейді. Етістік формалары өте күрделі. Жазуда латын әліпбиін қолданады.

Айдарымыздың келесі санында Испан тілінің әліпбиімен танысамыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button