Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшы болуы мүмкін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов тау-кен және балқыту кәсіпорындары белсенді түрде көмірден газға көшетін болса Қазақстан 2025 жылға қарай газ тапшылығына ұшырауы мүмкін екенін айтты.

Министрдің айтуынша, 2017-2021 жылдар аралығында ішкі газ тұтыну 4,8 миллиард текше метрге, 13,8-ден 18,6 миллиард текше метрге дейін өскен. Сонымен бірге, оның айтуынша, газ тұтынудың орташа жылдық өсімі шамамен жеті пайыз.

«Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшылығы болуы мүмкін. Алайда тау-кен металлургия кәсіпорындары көмірден газға белсенді көшетін болса, онда тапшылықтың көлемі де ұлғаяды. Осы жағдайларда елдің ресурстық базасын толықтыру туралы мәселе туындайды, ол үшін газды барлау, өндіру және қайта өңдеу сияқты барлық кезеңдерде газ жобалары үшін преференциялар қажет. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылар үшін инвесторларды ынталандыру бағасын беру мәселесі пысықталып жатыр», – деді Ақшолақов Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button