Жаңалық Редакция таңдауы

Испан тілінің әліпбиі

Шет ел тілдерін үйрену айдарында осы апта Испан тілін үйренеміз.

Бүгін біз сіздермен бірге Испан тілінің әліпбиімен танысамыз.

Испан әліпбиі (alfabeto o abecedario) 27 әріптен тұрады: 22 дауыссыз және 5 дауысты дыбыс.

Испан тілінде b жəне v арасында айырмашылық жасалмайды. Екеуі де “в” деп оқылады. Мысалы: Cuba (“кува” деп оқылады)

Қатарынан екі “l” (л) əріпі, яғни “ll” “й” деп оқылады. Мысалы: Me llamo … (Мэ йамо…) – Менің есімім …

j əріпі испан тілінде “х” деп оқылады. Мысалы: trabajar (трабахар)- жұмыс істеу.

Q q – əріпі ешқашан “U u”-сыз қолданылмайды. Тек “qu” – түрінде ғана кездесе алады, бірақ бұл жерде “u” (у) оқылмайды, ал “q” -к əріпін береді. Мысалы: Que (Кэ деп оқылады), Qui (Ки деп оқылады)

Испан тілінде “Н һ” əріпі оқылмайды.

Испан тілінде əр əріп ашық əрі анық айтылады

Испан тілінде сұраулы сөйлем соңына сұрақ белгісін қоюмен шектелмейді. Сөйлем алдында да аударылған сұрақ белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемде солай. Мысалы: ¿Qué es esto? – Бұл не?

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button