ЖаңалықРедакция таңдауы

Мемлекеттік рәміздер – елдік негізі

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Геральдикалық зерттеулер орталығы және Еуразия Ұлттық университетінің Сәулет-құрылыс факультетімен бірлесіп Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай, Елтаңба авторы, профессоры, «Барыс» орденінің иегері, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлымен рухани-патриоттық кездесу өткізді.

Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толса, Елтаңба авторы, профессор Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толды.

Іс-шара Мемлекеттік рәміздер (ту, елтаңба) және Елтаңба авторы, профессор Жандарбек Мәлібековты «Ұлттық ұланның» Құрмет қараул ротасымен салтанатты қарсы алу рәсімімен басталды.

Геральдикалық зерттеулер орталығы директоры Асылбек Баяжұмаұлы:

«Елдіктің нышаны қасиетті бойтұмардай жүректің тұсында тұратын Мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына биыл 30 жыл толып отыр. Сонымен қатар, құрметті сәулетші, профессор, «Барыс» орденінің иегері, Елтаңба авторы ортамызда отырған Жандарбек Мәлібекұлы ағамыз сексеннің сеңгіріне шықты. Бүгінгі біз өткізіп отырған алқалы жиынның мәні қастерлі рәміздерімізді құрметтеу, келешек жастарға қадірін түсіндіру және Елтаңбамызды өз қолымен бейнелеп берген тұлғаға ілтипат білдіру»,-деп айтып өтті.

Рухани-патриоттық кездесу барысында жастарға Мемлекеттік рәміздердің құндылығы туралы айтылып, Жандарбек Мәлібекұлы және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері өз естеліктерімен бөлісті.

Басқа материалдар

Back to top button