Редакция таңдауы

Қарағандыда «Екінші Республика: конституциялық реформалар» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтпек

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Қарағанды қаласында «Екінші Республика»: конституциялық реформалар» тақырыбындағы «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтеді. Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырады.

2022 жылғы 21 наурызда Алматыда өткен салтанатты шарада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, өз сөзінде «Екінші Республика» деген жаңа ұғымды қолданды.

«Сын сағатта тұрғындар нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті. Біз ауызбіршіліктің арқасында мемлекетімізді сақтап қалдық. Мен шаһарды қалпына келтіру үшін құзырлы органдарға нақты тапсырмалар бердім. Қазір біздің алдымызда зор міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр. Жаңа реформалар, Жаңа Қазақстанның құрылысы тұр. Сіздермен, жастармен бірге біз міндетті түрде жаңа елді, жаңа Қазақстанды, екінші республиканы саламыз. Біздің қолымыздан келеді!», деді Президент өзінің құттықтау сөзінде.

Отырысқа қатысушылар «Екінші республика» ұғымының нені білдіретінін және оның алдында мәлімделген «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасымен өзара қатынасын талқылайды.

Іс-шара барысында сарапшылар елдегі саяси жүйеге негізгі заңға еңгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қалай әсер ететіні туралы пікір алмасады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жария ете отырып, оның бастамаларын іске асыру үшін Конституцияға 30-ға жуық өзгеріс енгізу керектігін айтқан болатын. 22 сәуірде Президент Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобы қазірдің өзінде қажетті түзетулер дайындағанын хабарлады.

Іс-шара мемлекеттік органдар өкілдерінің, саясаттанушылардың, заңгерлер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтеді.

Модератор: «ҚҚДИ» КеАҚ Басқарма Төрағасы Қазбек Майгельдинов.

Уақыты: 2022 ж., 27 сәуір, сағат 14:30-да

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университет көшесі 28, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Бас ғимараты, 2 қабат, конференц зал

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button