Жаңалық

Салтым-санам, дәстүрім-дәулетім

Күні бүгінге дейін қазақ мәдениетіне кемсіте қарап, Еуропа мәдениетіне табынудан арылар емеспіз. Меселен, қазақтың салт-дәстүрі, мәдениеті төмен, әйел теңдігі болмаған, қыздар теңіне қосыла алмаған, малға сатып күң есебінде ұстаған дегендей пікірлерге талдау жасап қаралықшы.

Қазір де, бұрын да кез келген ата-ана көргенді, әдепті қызды келін етіп түсіргенін жақсы көрмей ме? Осыған орай, баласына қыз қарап, өздерінің ұнатқан адамының қызына баласының келісімімен құда түсіріп айттырып алу салты бұрын болған, қазір де бар. Бір үйдің әлпештеп отырған баласын келін етіп өз үйіне біржолата алатын болғандықтан, оған сый-сыяпат беру немесе қалыңмалын беруді сатып алған немесе қызды сатқан деп түсінуге бола ма? Немесе қыз ұзататын үй жарлылау болған жағдайда той шығынына қыздың жасауы үшін алдын ала мал беріп көмектесетін болған. Біз бұдан адамгершілікті, біріне-бірі көмектесуді, достықты, адамдық қасиеттің ең жоғары мәдениетін көріп отырған жоқпыз ба? Қазақтың мәдениеті асқақтап, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жалаулап тұрған кездерде алған келін күйеуімен ажырасатын, төркініне қайтып кететін ұнамсыз жағдайлар болмаған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button