Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақтың ұлттық киімдері және әлемдік көзқарас

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Жамбыл облысы әкімдігінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің «Ұлттық киім-2022» жобасын жүзеге асыру аясында, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында өтті.

2022 жылдың 4 мамыр күні  Қазақстанда, Тараз қаласында ASPARA FASHION WEEK  жобасы аясында аралас режимде «Қазақтың ұлттық киімі және әлемдік көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда Голландия, Ресей, Кувейт, Татарстан, Түркия, Германия, Франция, Ұлыбритания, Швеция, Венгрия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен  және Қазақстаннан 30-дан астам қатысушылардың  баяндамалары тындалды. Қатысушылар сол елде тұратын этникалық қазақтар.

Конференцияның мақсаты – этникалық мотивтерді заманауи сән үрдістерімен ұштастыру тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ заманауи қазақтың ұлттық киімін жаһандық әлемде танытып дамыту үшін бірыңғай алаң құру.

Конференция бағдарламасы келесі мәселелерді қарастырды:

– ұлттық нақыштағы киімдерді Қазақстаннан тысқары жерлерде сән мамандары қалай жоғары бағалайтынын талқылады;

– заманауи ұлттық киімге  деген көзқарасымызбен бөлісті;

– ұлттық киімдер қандай стильде заманауи көрінетінін айтылды;

– конференцияға қатысушылардың ұсынымын қолдана отырып, біз ұлттық мотивтерді күнделікті және ерекше жағдайларға арналған киім үлгісімен ұштастыруды;

– өз мәдениетін білу және оны заманауи стильге шебер кіріктіру жоғары шеберліктің белгісі екендігі туралы.

Конференцияны ұйымдастырушылар:

«Біз көшпенділер киімінің ежелгі дәстүрлерін құрметтеп және қастерлеп сақтаймыз. Дегенмен, оны өскелең ұрпақ арасында насихаттап, күнделікті өмірде сақтау үшін, басқа ел дизайнерлерінің шығармашығын пайдаланып заманауи өмір салтының бір бөлшегіне айналдыруымыз керек. Бұл өте  өзекті тақырып, өйткені ұлттық киім  ұлттық мұрамыздың басқа құрамдас бөліктері сияқты әр дәуірде өзгерген, қазір де өзгеруде» – деді.

Жыл сайын әлемдік қоғамдастықта сән апталығының екі маусымы өтеді. Әр маусым мінсіз технологияларды, инновациялық маталар мен практикалық тігін керек-жарақтарын және т.б. ұсынады. Заманауи рухпен сусындаған ұлттық киім – «неофольклор» да дәстүрді сақтай отырып, үрдіске сай өзгереді. Мұндай киім көшпелілер мәдениетінің философиясы мен Еуропаның практикалық мүмкіндіктері арасындағы нәзік сызықты сақтауы керек. Оның өзіндік ерекшелігіне байланысты тұтынушылардың таңдауы бойынша сұранысқа ие болатыны сөзсіз. «Нео-фольклор» стиліндегі киім аймақтық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ассортиментте жобалануы керек. Мұны динамикалық және бәсекеге қабілетті нарық талап етеді. Осындай пайымдаулардан кейін киім үлгісін жасаушы мамандар мен ұлттық киімінің одан әрі дамуына бей-жай қарамайтын шетелдік мамандардың басын біріктіру идеясы туды.

«Ұлттық нақыш идеяларымен шабыттандыру халықаралық сән индустриясының қазақтың ұлттық киім  дәстүрлеріне, назарын аударып және таңданысын тудыру біздің ортақ міндетіміз болып табылады» – дейді ұйымдастырушылар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button