Жаңалық Редакция таңдауы

Aspara Fashion Week: «Мәдениеттер диалогы» 

Әулие ата төрінде ASPARA FASHION WEEK Халықаралық сән жобасының IX маусымы басталды. Үстіміздегі жылдың қазан айында сән жобасының мерейтойлық маусымы өтеді.

Халықаралық сән жобасының IX маусымына 20 жуық елден дизайнерлер қатысуда, барлығы 35 коллекция апталыққа келушілердің назарына ұсынылады.

Сән апталығының биылғы ерекшелігі подиумда 60 пен 84 жас аралығындағы аналар сән көрсетуі болды. Және де музыкалық сүйемелдеумен тамаша үйлескен көрсетілімнің бұл тұсына көрермендер өздерінің ерекше ризашылықтарын білдірді.

ASPARA FASHION WEEK халықаралық сән апталығының жобасын 2017 жылдың басында әлемдік беделді киім дизайнерлерінің бірі – Айдархан Қалиев жасаған болатын. Сол жылдан Қазақстанның оңтүстік өңірінде Еуропа мен Орталық Азияның  дарынды дизайнерлерінің басын қосқан халықаралық сән көрсетілімдері ұйымдастырылып және өткізіліп келеді. Әрдайым шақырылған дизайнерлердің елдері мен аты-жөндері байқаудан соң бүкіл әлемге танымал болады.

Айдархан Қалиев-белгілі Milan fashion week, Paris fashion week, Amsterdam fashion week, Berlin fashion week, Lviv fashion week, Serbian fashion week, Asian designers week India, Eurasian fashion week China, Fashion week Istanbul, Stockholm international fashion fair, Tajikistan fashion week, Uzbekistan fashion week, International digital fashion week ASEAN Singapore,  және Czechia fashion week, Transilvania fashion week Romania, Fashion week Bulgaria, Silk Road Fashion in London т.б. т.б. сән апталығының ресми бағдарламаларында жұмыс істейтін алғашқы азиялық белгілі дизайнер, сондай-ақ, ASPARA FASHION WEEK осы сән апталықтарының ресми серіктесі. «Нео-фольклор» стилінің негізін қалаушы, Қазақстандағы «ASPARA» брендінің негізін қалаушы.

Оның пікірінше, жоба – сарапшылар, дизайнерлер және fashion industry мамандары арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды. ASPARA FASHION WEEK платформасы сән апталығына қатысушыларға тек қана ынталандыру мен атақ қана беріп қана қоймай, сонымен қатар авторлық бұйымдарды шығаруға, жаңалықтар мен ізденістерге толы дарынды тұлғалармен  тікелей жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Әр маусым сайын ASPARA FASHION WEEK халықаралық жобасына қатысушылар саны артып келеді. Соңғы VIII маусымда әлемнің 40 елінен 100 дизайнер, сондай-ақ 30-дан астам танымал fashion блогерлері, журналистер, Еуропа мен Азияның ірі сән апталығының президенттері қатысты.

ASPARA FASHION WEEK  Халықаралық сән жобасының IX маусымы  аралас режимде (офлайн және онлайн) «Мәдениеттер диалогы» ұранымен өтуде.

Сән апталығының не себепті жыл сайын Тараз қаласында өтетініне тоқталатын болсақ, қазіргі Тараз бір кездері Шығыстың атақты ақындары Хайям, Хафиз және Рудаки жырлаған және «Қазақстанның киелі картасына» кірген Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі. Самарқанд, Түркістан, Бұқара, Хиуа және орта ғасырдың басқа да інжу-маржандарымен бірге Ұлы Жібек жолындағы ең танымал қалалардың ондығына енген атақты қала.

Тараз әуел бастан-ақ қала ретінде ғана емес, ұлан-ғайыр өңірдің саяси және экономикалық өмірінің орталығы ретінде қалыптасты. Тара – бай  тарихы бар, қолбасшылар мен жауынгерлердің ерліктеріне, ғалымдардың зерттеулеріне, ақындар мен суретшілердің туындыларына куә болған тарихи мекен.

Сол себепті танымал халықаралық сән апталығының ресми бағдарламалары өткізілетін қала ретінде тандалды. Ежелгі Тараздың даңқын шығарудың жалғасы, ұлттық рухты, патриотизмді, абырой мен ар-намысты , мәдениетті жаңғырту мақсатында сән апталығының  IX маусымы да осы қалада өтуде.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button