Жаңалық Редакция таңдауы

Жеңімпаз атанған үш дизайнер әлемдік сән апталығында өнер көрсетеді

Тараз қаласы «Шахристан» көрме залында Қазақстан колледждері арасында «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің ІІ Ұлттық байқауы өтуде.

Байқауға Қазақстанның 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымынан, 7 облыстан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 45 үміткер қатысуда.

Сән әлемінің үздіктерін анықтайтын бұл байқауда Тамара Штрошерер (Штутгарт, Германия) басшылық ететін халықаралық дәрежедегі әділ қазылар алқасы төрелік етуде. Атап айтсақ, Татьяна Воротникова (Бішкек, Қырғызстан), Раф Сардаров (Мәскеу, Ресей), Сұлтан Салиев (Қазан, Татарстан), Лола Сайфи (Ташкент, Өзбекстан), Айдын Ачик (Амстердам, Нидерланды) қатысушылар арасынан жеңімпазды анықтайды.

Сондай-ақ, әділ қазылар қатарындағы Айдын Ачик үздік деп танылған үш үміткерді өзінің әлемдік деңгейдегі сән апталықтарына қатысуға шақыратынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, байқаудың мақсаты – жастар арасында ұлттық киім үлгілерін заманауи талапқа сай қайта қалыптастыру, ұлттық нақыштағы  құндылықтарымызды  дәріптеу,  қолөнер және  өзге де дизайнерлік бұйымдарды  қайта жаңғыртып, әлем назарына ұсыну.

Байқау Қазақстандық қоғамдық даму институты, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Сән индустриясы саласындағы жас таланттарды анықтау және насихаттау мақсатындағы байқауға «Киім дизайны» мен «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандықтары бойынша қазақстандық колледждердің студенттері қатысуда.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button