Жаңалық Редакция таңдауы

Әлемдік Nickelodeon телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады

Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал «Спанч Боб шаршы шалбар», «Құтқарушы күшіктер», «Қауіпті Генри», «Тынымсыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» және басқа да ең танымал анимациялық сериалдарды көруге болады.

6- ЖАСТАН ТӨМЕН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЛЬТСЕРИАЛДАР

«Жарқыл мен ғажайып көліктер», «Сантьяго мен оның теңіздері», «Бульканың іздерімен», «Орман құтқарушылары» секілді мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мультфильмдердің кейіпкерлері енді қазақ тілінде сөйлейді. «Акула сәбидің үлкен шоуындағы» кейіпкерлер су асты әлемін зерттеп, жаңа достар тауып, өздерінің танымал әндерін орындайды.
Ал «Құтқарушы күшіктер» топта ауызбіршілікте жұмыс істеп, көмек қолын соза білуді үйретеді.
6+ ЖАСТАН ЖОҒАРЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЛЬТСЕРИАЛДАР
«Тынымсыз балақайлар!», «Кішкентай смурфтар», «Касагранде», «Элвин мен алақоржындар», «Коралл» лагері: Губка Бобтың балалық шағы». Nickelodeon кейіпкерлері көңілді көтеріп қана қоймай, дос болуды, сөйлесуді, бір-бірін сыйлауды, арманың үшін еңбектенуді және өзгеге еліктемей, өз қалпыңды сақтап қалуды үйретеді. Ондаған жылдар бойы танымал болып келе жатқан «Кішкентай Смурфтар» Nickelodeon HD экранына қайта оралған, енді олар шытырмандарға дайын.
Және сап-сары Биккини Боттом тұрғыны Спанч Боб шаршы шалбар. Спанч Боб пен оның достары кез-келген уақытта көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Және барлығы қазақ тілінде сөйлейді.
12+ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕРИАЛДАР
«Қауіпті Генри», «Сандермендер», «Хантер стрит», «Сиқырлы істер бюросы», «Жеңімпаз Виктория», «АйКарли» секілді басқа да  жасөспірімдерге арналған сериалдарды ана тілімізде көре аласыздар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button