Жаңалық Редакция таңдауы

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: «Ақ үй аманат»

Қазақ тарихы мен аңыз әңгімелерінде «ақ үй аманат» берген екен деген сөз жиі кездеседі. XVI-XVII ғасырлардағы жаугершілік замандарда екі жақ мәмілеге келіп, іс бітімгершілікпен аяқталғанда осы салт сол үлкен жұмыстардың айғағы ретінде жүрген.

Мұндайда негізінен кінәлі жақ өзінің жеңілгендігін мойындап бар сән-салтанат, дүние жиһазымен ақ орда яғни «ақ үй аманат» әкеліп тапсырады. Бұл тек жеңілу ғана емес, сол елді мойындаудың, бұдан былай тату көршіліктің (елдіктің) кепілі ретіндегі орны бөлек құжат әрі сый-сияпат десе де болады.

«Ақ үй аманат» негізінен көшпелі елдің әсіресе түркі халықтарының арасында жиі болған. Бұл туралы ғалымдар Ш. Уәлихановтың, Ә. Марғұланның еңбектерінде жазылған. Мұндай жағдай өткен ғасырларда қазақ даласында жиі болып отырған. Мысалы: жоңғар-қазақ соғыстарында, қытай-қазақ шапқыншылығында, Хиуа хандығы мен қазақ хандығы арасындағы қақтығыстарда елшілер «ақ үй аманат» тапсырып бітім мен келісімге келген кездер көп болған. Мұндай жағдайдың басында мемлекет ішінде беделді би, батырлар мен шешендер, атақты ақсақалдар мен хандардың өздері де жүрген.

«Ақ үй аманат» – ант, серт пен келісімнің, татулықтың айғағы.

Оны бұзған ел басқа халықтар алдында үлкен кінәлі деп саналған және оған сырт айналған.

 

Дереккөз: «Жеті қазына» Сейіт Кенжеахметұлы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button