ЖаңалықРедакция таңдауы

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қалай қатысуға болады?

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Байқауды өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Байқау 2 кезең бойынша өтеді:
▪️ бірінші – аудандық (қалалық) кезең,
▪️ екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.

Байқауға қатысу үшін өтінімді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.

Байқауды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.

Байқау туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтына кіріп таныса аласыздар.

Басқа материалдар

Back to top button