Жаңалық Редакция таңдауы

Жеңісті күндерде жолыққанша!

21 мамыр күні Алматыда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында қазақ телевизиясының майталманы, комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді. Еліміздің 8 өңірінен барлығы 16 команда қатысады.

Амангелді Сейітхан – қазақ   телевизиясының  ардагері, ақпарат саласының үздігі, спорт комментаторы. 1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс істеді. 1994 жылдан «Қазақстан» телеарнасындағы «Тұғыр» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары, «Құмсағат» бағдарламасының спорт ақпараттары продюсері болды. 1997 жылдан «Хабар» агенттігінде жұмыс істеді. Футболдан «Франция–98» Азия ойындары (1999), Банкгок, Бусан, Оңтүстік Корея чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді. 1998 жылы ҰОҚ-і Амангелді Сейітханды таңдаулы спорт журналисі деп атаған. Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2000).

Амангелді Сейітхан атындағы алғашқы турнир Отбасының ұйымдастыруымен өтеді. Турнир аясында Амангелді Сейітханның құрметіне шығарылған «Жеңісті күндерде жүздескенше» кітабының тұсауы кесіледі.

Турнирге қатысатын командалар:

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button