Жаңалық Редакция таңдауы «Рухани жаңғыру» аймақтарда

Нұр-Сұлтанда отандық өндірушілердің Ulttyq Onim көрмесі ашылды

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында қазақстандық өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Onim көрмесі ашылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау және дамыту.

Биыл көрмеге 350-ден астам компания қатысуда. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы тауарлары, сондай-ақ мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфиялық өнімдер ұсынылған.

Көрмеге қатысушылардың арасында жеке гигена тауарларын, пластиктен жасалған бұйымдарды, металлопластиканы өндіруші «Радуга» ЖШС, полиэтилен құбырларын өндіруші «KazPolimerPlast» ЖШС, аккумулятор батареяларын өндіруші «Қайнар – АКБ» ЖШС, мамандандырылған аяқ киім өндірушісі «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС, кілем және кілем бұйымдарын өндіруші «Бал Текстиль» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар бар.

Алтыншы мәрте өткізіліп жатқан көрме ел азаматтарының қызығушылығын тудырып қана қоймай,  отандық тауар өндірушілердің өз өнімдерін көрсетіп, тәжірибе жинақтап, табысқа жету жолымен бөлісу алаңына айналды. Сондай-ақ, аталған іс-шара компаниялар арасындағы экономикалық кооперацияны кеңейтуге және өндірістік жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, іс-шара барысында дәстүрлі түрде «Халық Таңдауы» атты тағамдардың дәмін тату байқауы өтеді. Сонымен қатар жетекші қазақстандық өндірушілердің әйелдер мен ерлер киімдерінің коллекциясы көрсетіледі. Көрме 22 мамырға дейін жалғасады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button