Жаңалық Редакция таңдауы

Есте сақтау қабілетін жақсартқыңыз келсе...

ХХІ ғасырға өкпеміз жоқ бәрін берді. Ғылым, білім, технологияның орны төрде, шама келгенше ілеспек боламыз. Роботтанған ғаламда отырып алып ғарышқа көз тігеміз, бірақ сол бәрін берген ғасыр біраз нәрсені алып қойып жатыр. Анығы ақылдысын беріп ақылымызды алып қойып жатыр ма?! Бүгін біз сіздермен есте сақтауды дамытудың 6 тәсілімен бөлісетін боламыз.

Жаңа нәрсе үйрену

Жадымызды жақсарту үшін оны жаңартып, жиі пайдаланып отыру керек. Жаңа нәрсе үйрену керек. Ұзақ өмір сүрген адамдардың көбісі милар көп жұмыс істеткендер. Жаңа тіл, би, жаңа ойын жалпы, жаңа бірнәрсе үйреніңіз. Өзіңізді қызықтыратын жаңа саланы зерттеу керек. Белсенді болып, жаңа қабілеттерді дамыту маңызды.

Ұйқыны қандыру керек

Беркли университетінің ғалымдары жасы үлкен адамдардың есте сақтау қабілетін зерттеген. Жақсы ұйқы, есте сақтау қабілетінің кепілі. Күнделікті адамға сегіз сағат ұйықтау керек. Ақпаратты есте сақтап қалудың ең жақсы жолы, ұйқы алдында оқу. Ұйқы барысында ақпарат өңделіп, жадта сақталып қалады.

Спортпен шұғылдану

Миннесота университеті профессоры Дэвид Якобсонның зерттеу қорытындысы бойынша, жас кезінде жаттығуларлды жиі жасаған адамдардың басқа адамдарға қарағанда жадысы жақсырақ екені анықталды. Жүзу, жүгіру және басқа да спорттық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Бұл миға келетін қанның көлемін арттырады.

Дұрыс тамақтану

Адамның миы энергия аз құртатын болса да, энергетикалық тамақтарды көп қажет етеді. Көк шай, жаңғақ, балық, зәйтүн майы есте сақтау қабілетін арттырады. Сол себепті осы азық-түлікті пайдалану керек. Сонымен қатар басқа да құнарлы тамақтар мидың дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді. Бастысы, дұрыс тамақтану рационын құру керек.

 Медитация

Медитация қазіргі уақытта кең таралған. Бірақ танымалдылықтан бөлек шынайы көмегі бар. Біріншіден, медитация біздің жүрек қағысты арттырады. Миға қанның келуін арттырады. Екіншіден, өзіңді тануға мүмкіншілік береді. Сол уақытта жинақталған ақпараттарды реттеп алса болады. Үшіншіден, стрессті азайтып, терең демалуды үйрунеге болады. Өз кезегінде мидың жұмысына оң әсер етеді.

Сөйлесу

Сөйлесу – сіздің миға керекті жақсы әрекеттің бірі. Пайдалы, мәнді әңгіменің орны ерекше. Жай өсек айту немесе құр сөйлеу есте сақтау қабілетіне әсер етпейді. Сол себепті сөйлесудің де пайдалы тұстарын пайдалану керек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button