Жаңалық Редакция таңдауы

Меркідегі құпияға толы – Көккөл

Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан туристік аймаққа келушілер жылдан жылға артуда. Әсіресе биік таудағы құпияға толы Көккөл көлі көптің көргісі келетін мекен. Жергілікті тұрғындар арасында «Әулиекөл» атанған ерекше су айдыны жайында түрлі аңыз тараған. Әлі толық зерттелмей сырын ішіне бүккен көл жайында бүгін «Қазақстанның құпияға толы мекен» айдарынды бөлісетін боламыз.

Таудың ұшар басындағы киелі көл Ақтоған ауылынан 100 шақырым жерде, оған жететін құлама жартасты өткелдері бар жолдар өте қауіпті. Түбі жоқ түпсіз көлге кеңестік кезеңде түрлі экспедицялар ұйымдастырылып, ғалымдардың зерттеу нысанына айналғанымен, нәтиже шықпаған. Осы күнге дейін көлдің тереңдігі анықталмаған. Бірақ табиғат қорғаушылар арнайы бақылау қондырғысы орнатылған  балықты суға жіберіп көргенде ол Каспий теңізінен шыққан. Сондай-ақ көл айдынында ешқандай қоқыс немесе жа­пырақ жатпайды екен. Су бетіндегі ультрадірілден суға түс­кен кез келген зат сыртқа шығып кетеді.

Жалпы көлге қатысты ел арасында түрлі аңыз әңгімелер жетерлік деп айтып өттік. Солардың бірі нардың өркешіндей бір дәу су тіршілігін көргенін айтып жатса, бірі жағада су ішкен малды беймәлім мақұлық суға тартып кеткенін баяндап жатады. Оның үстіне жергілікті шопандар көлден тұншыға шыққан ащы дауысты жиі еститіндерін айтады. Көл бетімен ұшқан барлық құс, су ішуге келген мал атаулы ғайыптан тайып, суға тартылып кетеді екен. Көккөлдің тағы бір ерекшелігі – көлдің  аумағы жүрекке ұқсас.

1979-1980 жылдары Көккөлге Оң­түстік Қазақстан геологиялық барлау басқармасының геологі Б.Волчков та келіп, зерттеу жүргізген. Ол көл  мұздақтар мен мореналық қыртыстар қабатында пайда болғанын анықтаған. Ал көлдегі шұңқырлар жерасты суы каналының түйісуінен пайда болған деген байлам жасаған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button