ЗерттеуРедакция таңдауы

Жастар Қазақстандағы жаңалықтарды қандай ақпарат көздерінен оқиды?

Жастарды қоғамдық өмірге белсенді тарту орнықты дамуды қамтамасыз ету және тиімді демократиялық институттарды қалыптастыру үшін қажет.

Жастарға қойылған «Қазақстандағы жаңалықтар мен оқиғаларды білу үшін қандай ақпарат көздерін бәрінен жиі қолданасыз» деген сауал нәтижесінде,  негізгі ақпарат көздері дәстүрлі түрде желілік көздер болды. Сондықтан әлеуметтік желілер немесе блогтар дереккөздер ретінде 54,3% көрсеткіште, қазақстандық интернет-сайттардан 30,9%  және шетелдік сайттардан 20,2% респондент ақпарат алады. Баспа басылымдарының танымалдылығы он есе аз. Республикалық телеарналар жаңалықтың маңызды көзі болып қала береді.

Сондай-ақ, жастардың саяси жаңалықтарға қызығушылығының жоғары болуы жетілген қоғамды дамытуға жағдай жасалғанын растауы мүмкін. Өкінішке орай, жастардың үштен бірі (33,2%) саяси жаңалықтарға қызығушылық танытпайды немесе өте сирек (24,4%) немесе ара-тұра (24,6%) саяси оқиғалар туралы ақпарат алады. Және жастардың 17,7% бөлігі саяси жаңалықтарға белсенді қызығушылық танытады. Сонымен қатар, ауыл жастары арасында 19% респондент күн сайын жаңалық көреді, ал қала жастары арасында бұл көрсеткіш 16,7%.

Деректер «Қазақстан жастары» әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша дайындалған талдамалық баяндамадан алынды.

Басқа материалдар

Back to top button