Жаңалық Редакция таңдауы

Әлемдік рейтинг: Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы үздік ондықта

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді.

Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды.

Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты:

  1. Аустралия – 1002,71 ұпай;
  2. Франция – 885,6;
  3. Испания – 884,62;
  4. Чехия – 842,92;
  5. Швейцария – 881,81;
  6. Канада – 780,09;
  7. АҚШ – 758,09;
  8. Словакия – 744,23;
  9. Қазақстан – 704,75;
  10. Германия – 702,52.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button