ЖаңалықРедакция таңдауы

Мемлекет басшысы: Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын қайта ашу керек

Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессия барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми зерттеулер мен технологиялық жобалар өз саласының қажетін өтеуі керектігіне тоқталды. Президент сонда ғана инновациялық даму мақсаттарына қол жеткізе алатынымызды айтты.

«2013 жылы мұнай-газ өндіру саласында кешенді жұмыс атқарылды. Оны ғылыми-технологиялық жағынан дамытудың жол картасы жасалды. Мұндай жұмыс барлық салада жүргізілуге тиіс. Мысалы, Оңтүстік Корея мен Жапонияда осы жұмысты арнаулы институттар атқарады. Олар ғылымды және технологияларды жоспарлаумен, бағалаумен айналысады, ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанға да тың зерттеулер жүргізіп, технологияны дамыту ісін үйлестіретін орталық қажеттігін айтты.

«Сондықтан, бұрынғы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын қайта ашу керек деп санаймын. Ғылыми қызметті тиімді басқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – маңыздың міндеттің бірі. Сол себепті, осы саладағы барлық үдерісті тезірек цифрландыру керек. IT саласындағы соңғы жетістіктерді пайдаланып, Қазақстан ғылымының бірыңғай экожүйесін қалыптастыруға тиіспіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент бұрғынғы жетістіктерге марқайып отыра беруге болмайтынын айтты.

Сондай-ақ, академиктер барынша ашық әрі әділ сайлануы қажет деді. Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін көтеру керектігіне тоқталды. Ғылыммен айналысатын академиктерге өмір бойы ай сайын стипендия беру мәселесі шешілетінін жеткізді.

Басқа материалдар

Back to top button