Жаңалық Редакция таңдауы

2022 жылы қай елдерге туристер көп барады?

Күн сайын миллиондаған адамдар туыстарына немесе достарына бару, іскерлік келіссөздер жүргізу, кәсіби міндеттерді орындау, білім алу және т.б. мақсатта бір елден екінші елге көшеді немесе белгілі бір уақытқа барып келеді.

Туған жерден өзге жерге барудың көптеген себептері бар, ең танымалдарының бірі – саяхаттау, жаңа ел көруге деген қызығушылық. Бүгінгі таңда саяхат адамзат өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Сарапшылардың пікірінше, қазір барлығы 196 тәуелсіз мемлекет бар (танылмаған немесе ішінара танылғандарды қоспағанда). Олардың әрқайсысы аумағымен, халқының санымен, әл-ауқатының деңгейімен, инфрақұрылым сапасымен және жүздеген басқа көрсеткіштермен ерекшеленеді. Ал туристерді негізінен қызықтыратыны – сол елдің мәдениеті, дәстүрі, тағамдары, сәулеті ескерткіштері, климаты және табиғи ресурстары.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы ұсынған (UNWTO) ресми деректерге сүйене отырып, 2022 жылы әлемдегі ең көп турист келетін елдердің үштігіне тоқталсақ.

Әлемдегі ең көп туристер баратын ел – Франция. Париж, Ницца, Марсель, Страсбург, Тулуза, Бордо, Лион және басқа да қалалардағы Француз көшелерінің әсемдігін тамашалауға жыл сайын 90 миллионға жуық турист келеді. Франция астанасында туристер арасында аса танымал сәулет ескерткіші – Эйфель мұнарасы орналасқан.

2022 жылы әлемдегі ең көп туристер баратын елдердің рейтингінде екінші орында Испания тұр. 83 миллионнан астам халық қыдырып барады деген болжам бар. Испания үш жыл қатарынан Америка Құрама Штаттарын басып озды. Испанияның ең көрікті және әдемі қалалары – Барселона мен Мадрид.

Әлем көшбасшыларының үштігін АҚШ аяқтайды. Мәдениеті, табиғаты мен климаты әртүрлі елде сіз Лас – Вегастағы ойын-сауық орындарынан бастап немесе әйгілі Гавайи жағажайларында пассивті демалысты қоса алғанда, Алясканың кең кеңістігіндегі жабайы жерлерге баруға дейін кез-келген талғамға арналған хобби таба аласыз.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button