ЖаңалықРедакция таңдауы

Жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары: «Дипломмен ауылға»

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қау­лысы және ҚР Ұлттық экономи­ка министрлігінің 2014 жылғы 6 қа­ра­шадағы №72 бұйрығы негізінде жүзе­ге асырылуда.

Бағдарламаның негізгі мақсаты және міндеті ауылдың қалыпты тіршілігін және ауыл-аймақтың әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету, сонымен бірге, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік саланың сапалы қызметін көрсету, ауыл-аймақты тұрақты дамыту, ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген сала мамандарын ынталандыру.

Бағдарлама ЖОО мына мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету;
  • мәдениет және спорт;
  • ветеринария.

Ауылға келген мамандар үшін келесі қолдау көрсету шаралары қарастырылған:

  • 100 АЕК мөлшеріндегі бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
  • 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
  • ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде) арттыру.

Бағдарламаға қатысу үшін:

  • сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
  • жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
  • жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
  • аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.

Қайда өтініш беру қажет?

тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына немесе білім бөліміне.

Қандай құжаттар қажет?

Көтерме жәрдемақы алған кезде:

  • өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • білім туралы құжаттың (дипломның) көшірмесі;
  • жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер.

Тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін қосымша:

  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
  • аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама ұсынылады.

Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде қосымша:

  • маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
  • кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
  • кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
  • берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда).

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады. Жоғарыда аталған құжаттардан басқа құжаттарды ұсынуды үміткерден талап етуге жол берiлмейдi.

 

Басқа материалдар

Back to top button