ЖаңалықРедакция таңдауы

Конституциялық түзетулерге қанша сайлаушы қарсы дауыс берді?

Ағымдағы жылғы 6 маусымда таңғы 08.00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірлеріндегі және шет елдердегі референдумның 10012 учаскесінде дауыстарды санау аяқталды.

Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 миллион 734 мың 642 адамды құрады.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 986 мың 293 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 68,06% құрады.

Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын немесе 6 миллион 163 мың 863 адамды құрады.

Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны-18,66 пайыз немесе дауыс беруге қатысқандар санының 1 миллион 490 мың 475 адамын құрайды.

Жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58% немесе 125 мың 859 бюллетеньді құрады.

Дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 2,58% – ды немесе 206 мың 96 бюллетеньді құрады.

Республикалық референдумның қорытындылары Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленетін болады.

Дереккөз: Орталық сайлау комиссиясы

Басқа материалдар

Back to top button