Жаңалық Редакция таңдауы

Әлемдегі ең тұрақсыз валюталар

Жалпы ең қымбат валюта десе, еске бірден доллар түседі. Бірақ әлемде доллардан да қымбат валюталар бар. Сол секілді қымбат валюталармен қатар тұрақсыз валюталар да бар.

Әлемдегі ең тұрақсыз валюталарға тоқталатын болсақ:

  • Добра (Сан-Томе және Принсипи)

Гвинея шығанағында орналасқан кішкентай аралдағы мемлекет әлемдегі ең тұрақсыз валютаға ие. Елде қара валюта нарығы бар, онда ресми бағамнан айырбас бағамы 30%-ке дейін өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, добра валютасы әлемдегі ең әдемі банкноттардың бірі саналады.

  • Донг (Вьетнам)

Бүгінде 1 еуро – 24 754 Вьетнам Донгін құрайды. Елдегі ең үлкен банкнот – 500 000 Донг. Ел тұрғындары туристерден төлемді доллармен қабылдайды. Себебі жергілікті тұрғындардың өздері де донгқа сенбейді.

  • Риал (Иран)

Ирандағы Ислам революциясы кезінде 1979 жылы риал құлдырады. Сол уақыттан бері Иранда жоғары инфляция деңгейі сақталып келеді. Иран үкіметі елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бар күшін салса да, риал бағамы тұрақты болмады. 1 еуро қазір 45 100 риалдан асады.

  • Гуарани (Парагвай)

Прагвай тұрғындары күн сайын кездестіретін құбылыстар – жемқорлық және жабайы инфляция. Ең үлкен купюра – 100 000 гуарани. Десе де елде бұл соманы ешкім алмайды. Себебі бұл банкноттағы ақшалардың басым көпшілігі – жалған.

  • Квача (Замбия)

Замбия экономикасы мыс экспортына шамадан тыс тәуелді және  сыртқы қарыз деңгейі жоғары. Елде ахуалды жақсарту мақсатында түрлі реформалар қабылданды. Десе де бұл валюта әлі де тұрақсыз валюталар қатарында. Қазір 1 еуро  17,96 квача.

  • Рупия (Индонезия)

Индонезия билігі өз валютасын тұрақтандыруға тырысқан сәтте, елде үнемі валюта құлдырайтын жайттар болады. Аралдар арасындағы бәсекелестік, 1977 жылғы қаржылық дағдарыс, астық жинау кезіндегі мәселелер – ақшаның тұрақсыздығына тікелей  әсер етеді. Олар 1 еуро үшін 15 419 рупия береді.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button