Жаңалық Редакция таңдауы

Таңертең ерте тұрғыңыз келсе...

Егер сіз ерте тұруды үйренсеңіз, бір күнде көп істі тындыра аласыз. Америкалық кәсіпкер, спикер және тайм-менеджмент бойынша кітаптардың авторы Тимоти Феррис осылай дейді. Ол сонымен қатар «егер сіз таңертең өзіңізді жеңсеңіз, сіз күнді жеңесіз» дегенді де жиі айтады.

Ең алдымен неліктен ерте тұруға дағдылану керек дегенге жауап бере кетейік:

  • Күн жайбарақат басталады. Уақытым жетпей қалады деп алаңдамайсыз. Таңғы асты да ішіп, жаттығу жасап та, жұмысқа дайындалып та үлгересіз.
  • Стресс деңгейі төмендейді. Psychiatric Research журналы төрт жыл бойы зерттеушілер  жүргізген эксперимент нәтижелерін жариялаған болатын. Оған 55 жастағы 30 мыңға жуық әйел қатысты. Ғалымдар ерте тұруға дағдыланған әйелдер депрессияға, стресске және мазасыздыққа бейім емес деген қорытындыға келді.
  • Аурудың асқыну қаупі азаяды. Ғалымдардың айтуынша, дұрыс емес күн тәртібі – кеш ұйықтау және кеш тұру – қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары және қатерлі ісік ауруларының асқыну қаупін арттырады.
  • Табысты болу мүмкіндігі артады.
  • Өзін-өзі дамыту үшін артық уақыт болады.

Сонымен таңертең ерте тұрудың 7 әдісіне келетін болсақ:

  • Толық қараңғылықта ұйықтаңыз және ұйықтар алдында смартфонды пайдаланбаңыз.
  • Әдеттегі уақыттан 15 минут бұрын оянып, аралықты бірте-бірте екі сағатқа дейін арттырыңыз.
  • Таңертең перделерді толық ашып, үйге мүмкіндігінше көбірек күн сәулесін түсіруге тырысыңыз.
  • Жұмыс күндері де, демалыс күндері де ерте тұрыңыз: өзіңізге жеңілдік жасамаңыз.
  • Оянғаннан кейін таңғы асты мүмкіндігінше ертерек ішіңіз, түскі асты күнделікті бір уақытта ішіңіз. Кешкі 19:00-ден кейін мүлдем тамақтанбаған жөн.
  • Оятқыш уақытын өзгерте алмас үшін оны өзіңізден алыс қойыңыз.
  • Таңертеңгі уақытты өзіңізге ұнайтын істермен толықтырыңыз. Бұл сізді ерте тұруға ынталандырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button