Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Қазақстанда бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық мөлшері жаңарды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Берілген мәліметке сүйенсек, 2021 жылы орташа айлық жалақы 250 мың теңге болған. Алайда мамандығы мен лауазымына байланысты бұл көрсеткіш өзгеріп отырады.

Басшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы шамамен 448 мың теңгеге жеткен, ал ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 146 мың теңгеге жетпейді.

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы биылдың бірінші тоқсанында 285,4 мың теңгеге жеткен.

Жалпы алғанда, 2021 жылға қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 250,3 мың теңгені құраған болатын.

Өңірлер бойынша алатын болсақ, Солтүстік Қазақстан облысында орташа жалақы 187,5 мың теңге, Атырау облысында 406,2 мың теңге. Жоғары жалақы Маңғыстау облысы мен (349,5 мың теңге) және елордада (344,7 мың теңге) байқалады.

2021 жылы ең жоғарғы айлық жалақы басшылар мен мемлекеттік қызметшілерде болған: 447,8 мың теңге. Олардан кейін кәсіби мамандар (291,9 мың теңге), сондай-ақ, өндірістік құрал-жабдықтардың операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілер (263,1 мың теңге).

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button