Жаңалық Редакция таңдауы

Балмұздақтың шығу тарихын білесіз бе?

10 маусым ең тәтті мерекелердің бірі – Дүниежүзілік балмұздақ күні. Ресми түрде 1786 жылы 10 маусымда АҚШ-та балмұздақтың жаппай сатылымы басталды деп есептеледі. Алайда мерекенің тарихы тереңде жатыр. Алғаш рет заманауи балмұздаққа ұқсайтын тәттілер 3000 жыл бұрын жасалды.

Балмұздақты ең алғаш дайындаған қытайлықтар екенін бірі білсе, бірі білмес. Қытайлықтар 3000 жылдан астам уақыт бұрын мұз бен жеміс қоспасынан өнім шығара бастады.

Кейінірек олар сүт, қар және мұз қоспасын жасауды үйренді. Бәсекелестіктен қорыққандықтан балмұздақты құпия жасауға тырысты.

Израиль де, Греция да сергітетін десерттер жасаған. Олар қазіргі мұздатылған шырынға көбірек ұқсайтын. Бұл сусындар өте қымбат болғандықтан оны тек дәулетті адамдар ғана ала алған.

Итальяндықтар XIV ғасырда сүт пен мұздан жасалған өнімді жасай бастады. Екі ғасырдан кейін француздар да мұндай сусын дайындай алатындығын айтты. Ал XVIII ғасырда олар классикалық пломбирге ұқсайтын балмұздақты жасады. Айтпақшы, пломбир сөзі Франциядан шыққан, онда ол Plombieresles Bain курорттық қалашығының атауын білдіреді (Пломбьер-ле-Бен). Мұнда XIX ғасырда тек пломбир ғана емес, сонымен қатар балмұздақ салатын стакандар да кеңінен таралды.

Ал эскимо балмұздағы ХХ ғасырдың басында АҚШ-та пайда болды. Онда балмұздақ XVIII ғасырда иммигранттармен бірге келді деп айтылады. Вафли-стакандар да осында пайда болған.

Содан соң әр елдің кондитерлері көршілердің ешқайсысында жоқ нәрсені ойлап табуға тырысты. Шоколадты балмұздақ жасауды бірінші болып Австрияның өндірушілері бастады.

Бүгінгі күні балмұздақтың көптеген түрлері бар – бұл өнім әлі күнге дейін әлемдегі ең қолжетімді және танымал десерттердің бірі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button