Жаңалық Редакция таңдауы

Әлемде ең көп ұрланатын кітапты білесіз бе?

«Гиннес. Әлемдік рекордтар кітабы» - бұл әлемдегі ең танымал кітаптардың бірі. Тек адамдардың ғана емес, жыбырлаған жәндіктерден бастап түрлі тіршілік иелерінің, табиғат таңғажайыптарының қандай да бір ерекшеліктері, жұртты таң қалдырған өзгешеліктері туралы ақпарат беретін анықтамалық.

1955 жылдың 27 тамызында «Гиннес. Әлемдік рекордтар кітабының» алғашқы шығарылымы жарық көреді. Тұңғыш басылым 198 беттен тұрды. Кітаптың не үшін «Гиннес» деп аталғанына тоқталсақ. Ешқандай да бір құпиясы жоқ, кітап тек «Гиннес» деп аталатын ирландық сыра қайнатушы компанияның тапсырысы бойынша жарық көрген.

Кітапқа «Байлық», «Атақ», «Ерлік», «Өнер және БАҚ», «Жетістік», «Адам», «Қауіп және апат», «Спорт», «Білім», «Заманауи технологиялардан» деген он бөлім бойынша рекордтар енгізіледі.

Бір қызығы қоғамдық кітапханаларда көп қолды болатын кітап та осы Гиннес рекордтар кітабы екен. Ол ең көп ұрланатын кітап ретінде рекордтар тізіміне енгізілген.

Қазақстанның рекордтар кітабына келетін болсақ, 1999 жылы алғаш рет жарық көрді. Гиннестің Рекордтар кітабының ізімен шыққан бірінші басылым орыс тілінде әрі суретсіз шыққан.

Қазақстан рекордтар кітабында география, халық саны, тарих, экономика, бизнес, саясат, құқық, туризм, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер, қала құрылысы, сәулет және спорт салаларындағы басты жетістіктер топтастырылады.

Бүгіннен бастап біз сіздерді апта сайын «Қазақстанның рекордтар кітабына» енген рекордтармен таныстыратын боламыз.

Айдарымыздың алғашқы санында, Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев жайлы бөлісеміз. Ол Гималайдағы алты мыңдық шыңдардың бірі Лобученің шығысына Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне Қазақстан туын тікті. Сол арқылы Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Сондай-ақ, Мақсұт Жұмаев Қазақстан мен Қырғызстандағы барлық тауларға шыққан. ТМД аумағында табаны тимеген жер шың жоқ деуге болады. Тіптен, әлемдегі ең биік шың – Эверестің ұшар биігіне шыққан. Ең қызығы әлемде биіктігі 8 000 метрден асатын не бары 14 тау болса, соның 14-де Мақсұт Жұмаев бағындырған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button