Жаңалық Редакция таңдауы

Қысқа да жарқын ғұмыр...

Бүгін еліміздің айбының асқақататып, көк туымызды көкте желбіреткен дарабоз спортшы болған, мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Теннің туған күні. Қазақ халқының мақтанышы көзі тірі болғанда 29 жасқа толар еді.

Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. Ұлты – кәріс. Кезінде Корей империясының Жапониядан азаттық алар тұсында әскер генералы болған танымал Мин Гын Хоның ұрпағы.

Қазақстандағы ең бірінші әлемдік додаға қатысқан мәнерлеп сырғанаушы.

Мұз айдынында шыр көбелек айналып билегенде бильман деген қиын элементті ерлер арасында өте шебер орындай алатын санаулы спортшының қатарына кіреді.

Денис Тенді отбасында бетінен қақпай өсірген. Соның арқасында жас спортшы мәнерлеп сырғанаудан өзге теннис, акробатика, таэквондо, каратэ үйірмелеріне барған және жүзумен айналысқан. Би және көркемсурет мектептерінде де білім алған. Музыка мектебінің 5 сыныбын тәмамдап, хорда ән салған.

Денис 12 жасында алғашқы ірі жеңістің дәмін татты. Ол 2006 жылы Қазақстанның чемпионы атанды. Он үш жасында Голландияда Гран-При алған жасөспірімдер арасындағы үздік ондық қатарына кірді. Бұл – ол қатысқан ең алғашқы халықаралық жарыс еді.

Спортшы карьерасын әртүрлі елде өткен Haabersti Cup, жасөспірімдер Гран-приі, Dragon Trophy, Ресей Кубогы, Four Continents Figure Skating Championships секілді танымал жарыстарда бақ сынаудан бастады.

Ол 2009 жылы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үздік он мәнерлеп сырғанаушының қатарына кірді. Осылайша Қазақстанға Ванкувер Олимпиадасына қос бірдей жолдама алып берді. 2010 жылғы Олимпиадада ең жас қатысушы болғанына қарамастан, 11-інші орыннан көрінді.

2010 жылы Денис бапкерін ауыстырды. Елена Буляновадан Юрий Гуськовқа кетті. Сол жылы жазда спортсмен Калифорнияға қоныс аударып, Лос-Анджелесте америкалық бапкер Фрэнк Кэроллдың командасында жаттыға бастады.

2011 жылдың ақпанында Қазақстанда өткен VІІ қысқы Азия ойындарында Денис Тен алтын жүлдені алды.

Канадада өткен әлем чемпионатында Денис өзінің жеке рекордына – 266,48 балға қол жеткізді. Еркін бағдарламада үздік шығып, қорытындыда канадалық Патрик Чаннан небәрі 1,3 балға қалып, күміс жүлдені еншіледі. Сөйтіп қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Сочи олимпиадасындағы қола медаль еді. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаушы екінші Олимпиадасына қатысты.

Алғашқы күні ерлер арасында 84,06 балл алған Денис тоғызыншы орынға көтерілді.

Келесі күні еркін бағдарламада бар күшін салып, шебер биледі. 171,04 балл алды.Қорытындысында 255,10 балл жинады. Ел үмітін ақтап, үздік үштіктің қатарынан бірақ шығады.

Келесі маусымда Америка мен Канадада өткен Гран-При кезеңдерінде 5-орыннан көрінді. Golden Spin of Zagreb турнирінде екінші орын, ал Istanbul Cup-та алтын жүлде алды.

2011-2012 жылғы маусымда ол Қазақстан үшін жасөспірімдер арасында әлемдік жарыстан алғаш рет кіші қола медальға ие болды. Осылайша, үшінші рет Қазақстан чемпионы атанды.

2015 жылы Оңтүстік Корея астанасы Сеулде мәнерлеп сырғанаудан өткен «Төрт құрлық чемпионатында» Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша 97,61 ұпай, ал негізгі бағдарламада 191,85 ұпай жинады. Қоссайыс қортындысында 289,46 ұпай еншіленген Тен «Төрт құрлық чемпионатының» жеңімпазы атанды.

2017 жылы Алматыда өткен Универсиадада Денис өзінің деңгейін тағы бір көрсетіп, алтын жүлдеге ие болды. Гран-При кезеңдерінің бірінде күміс медаль алды.

Дереккөз: informburo.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button