Жаңалық Редакция таңдауы

Саяхатқа қажетті үздік жеті қосымша

«Пайдалы кеңес» айдарында түрлі сала мамандары әлеуметтік желілерде жариялаған пайдалы ақпараттармен бөлісетін боламыз. Құқықтық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, саяхат, психология және т.б. тақырыптар бойынша әрқайсымыз білуіміз керек лайфхактар мен деректерді жариялаймыз.

Саяхатқа шыққанда ұялы телефоныңызда мына жеті қосымша болғаны жөн. ⠀

Maps.me – офлайн  карта. Саяхаттағы ең сенімді серігім. Интернетсіз-ақ баратын жеріңізді тауып береді. Бастысы баратын қаланың картасын интернетпен алдын ала жүктеп алу керек. Біраз минустары бар. Мысалы, Стамбулда трамвай мен автобус бағыттарын көрсетпейді, тек метроны көрсетеді. Дегенмен интернет жоқ кезде барар жерге адастырмай жеткізеді. ⠀

Google maps – телефоныңызда google map қосымшасы да болсын. Бұл карта саяхаттап жүрген қаладағы барар жерге трамвай, метро, автобус, жаяу барудың бәрін көрсетеді. Карта интернетпен істейді. Интернет бар жерде маршрут құрып, оны скриншот жасап, пайдалануға болады.

Booking.com/hotels.com/airbnb – ұялы телефоныңызда отель, пәтер қарайтын қосымша да болғаны жөн. Booking мен Hotels арқылы қонақ үйлер брондай аласыз. Ал Airbnb қосымшасынан пәтер іздеуге болады. Booking қосымшасы Түркияда ашылмайды, бірақ Түркияға бармай тұрып Қазақстанда осы қосымша арқылы отельдер тауып брондай бересіз. Ал Түркияға барғанда hotels қосымшасын пайдалану керек. ⠀

Obilet/Flixbus/Omio/Scyscanner/Aviata – телефоныңызда билет алатын қосымша болсын. Мәселен, Scyscanner және Aviata арқылы ұшақ билеттерін қарай аласыз. Ал Flixbus пен Omio қосымшасы арқылы Еуропада саяхаттағанда автобус бен пойыз билеттерін қарауға болады. Ал Түркияда Obilet сайтынан ала аласыз. ⠀

Tripadvisor – барған қалаңыздағы музей, туристік орындар, ресторандар, базарлар жайлы барлық ақпарат осы қосымшада бар. Суреті мен басқа да туристер қалдырған пікірлермен де таныса аласыз. Қолдану үшін интернет керек. ⠀

Google переводчик – телефоныңызда аударма жасайтын қосымшалар болуы керек. Тіл білмеген кезде осы қосымшаның көмегіне жүгінесіз. Жалпы саяхатқа шыққанда бір аптаға барсаңыз роуминг қосып алыңыз, ал екі аптадан аса уақытқа барсаңыз сол елден сим карта алған жөн. Саяхатта интернеттің маңызы зор. ⠀

Первая помощь/LiveMD немесе Спасатель Lite – кене шақса, инфаркт болса, басыңыз айналса, талып қалсаңыз не істеу керегін осы екі қосымшадан табасыз. Бұдан бөлек, саяхатқа шыққанда ылғи да сақтандыру жасатқаныңыз жөн. Барар еліңіз талап етпесе де сақтандыру жасату өте маңызды.

 

Журналист Руслан Меделбектің инстаграм парақшасынан

 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button