Жаңалық Редакция таңдауы

Ерте дәуірдің артефактілері табылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдени мұра ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері Арал өңірінің солтүстік аумағына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, энеолит дәуіріне тән қырлы ­отщепа, пластиналар, яшмадан жасалған екі моншақ, энеолит және ерте темір дәуіріне тән керамикаларды тапты.

Бұл жәдігерлер «Батыс Сары­­арқа және Солтүстік Арал бойы сақтарының мәдени ке­шені: пәнаралық зерттеу» грант­­тық жобасы аясында жүр­­­гі­зіл­ген археологиялық жұ­мыс­­­тар аясында, Қызылорда об­лысы Арал ауданы Сек­сеуіл темір жол станциясы ма­ңын­да­ғы Құмсай тұрағы, Қос­аман ес­керт­кішіне және Ақ­төбе об­лысы Ырғыз аудан орта­лы­ғы­­ның маңында орналасқан Қабан­құлақ – 3 қорымына жүр­гізілген зерттеу жұмысы барысында табылған екен.

«Құмсай тұрағы Термен­бес тауын айналып ағатын Жо­­ғар­ғы белдем өзенге жа­қын бархан-құм арасындағы қуыс­­та орналасқан. Жұмыс ба­ры­­сында 2х2, 1х1 шурф­тар қа­зылды. Ол жердің ашық қа­ба­тынан артефакті табыл­ма­ған­дықтан, сүзгіш құралдар ар­қылы артекфакті шешімі қа­был­данды. Сөйтіп, 154 шаршы метр алаңға 1х1 мм тормен квадраттық жинау тәсілі жүргізілді. Нәтижесінде, 1500-ден астам артефакті сүзіп алын­ды. Олардың ішінде нуклеустар, жебелердің ұштары, қырғыштар, пластиналар, отщепалар, чиптер және әртүрлі ою-өрнектері бар керамика­ның ұсақ фрагменттері, т.б. бар. Құм тіліміндегі шурфтардың бірінен прокал табылып, оның топырағына флотациялық ба­қы­­­лау жүргізілді», дейді жұ­мыс тобының жетекшісі ­Рүстем Дәрменов.

Сондай-ақ Қабанқұлақ 3 қор­­­ған-қорымы жаңадан зерт­теліп, археологиялық мате­риал­дар қорымның Еуразия көш­­пенділері дәуіріне жататы­нын анықтады. Өкінішке орай, өткен тарихтың жұмбақ сырларын толықтай анықтау­ға қорғандардың тоналуы кері әсерін тигізген көрінеді. Де­сек те соған қарамай энеолит және ерте темір дәуіріне тән жә­ді­герлер Ұлттық музей қо­рын толықтырумен қатар, атал­ған кезеңдерде өмір сүрген ха­лық­­тың тұрмыс-тіршілігімен та­нысуға мүмкіндік береді дей­ді мамандар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button