Жаңалық Редакция таңдауы

Оқу орнын дұрыс таңдау - үлкен жауапкершілік

Дәл қазіргі уақытта мектеп бітіруші түлектер «жоғарғы оқу орынын қайсына барамын» деген таңдау алдында тұр. Сол себепті біз түлектерге ақпараттық қолдау мақсатында Қазақстандағы Топ-10 университет жайында қысқаша деректер жариялайтын боламыз.

Ең алдымен университетті таңдауда нені ескеру керек соған тоқталайық.

Ең бастысы — ертерек бастау керек. 11-сынып оқушысы бір жылдың ішінде университет туралы қолжетімді ақпараттың барлығын білуі керек, мүмкіндік болса, оқу орындарына барып көргені жөн. Алдын ала білім алғың келетін бағыттарды анықтау қажет, ЖОО орналасқан жері мен бюджетін біліп алу керек.

Талапкер университетте оқығанда таңдаған білім бағдарламасы бойынша минимум және максимум қандай білім алатынын білуі керек. Сонымен қатар, қос диплом бағдарламаларының болуы, жартылай шет елде оқу мүмкіндіктерінің берілуі ЖОО таңдау кезінде маңызды рөл атқарады. Профессорлық-оқытушылық құрамы және пәндерді, оқытушыларды және сабақ кестесін өз бетінше таңдау мүмкіндіктерінің болуы да маңызды.

Әлеуметтік компоненті өте маңызды. Әсіресе егер оқу процесі жоғары деңгейде болса және оқу қиын болса. Студенттік клубтар мен ұйымдардың қызметіне белсенді атсалысу оқу процесін түрлендіруге және студенттің өмірін қызықты етуге, депрессиядан қорғауға көмектеседі.

Студенттер мен түлектердің пікірлерін білу талапкерге ЖОО-да қалыптасқан атмосфераны жақсы түсінуге және оқыту сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен 2021 жылғы деректерге сәйкес, елімізде университеттердің көшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бастап тұр. Университет туралы қысқаша айтсақ:

ҚазҰУ – Қазақстанның жетекші көпсалалы ұлттық университеті. 1934 жылы өз іргетасын қалаған қара шаңырақтың 88 жылдық тарихы бар. Бұл оның халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейін, заманауи отандық және жаһандық экономика талаптарына сәйкестігінің дәлелі.

Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк жұмыс істейді; 2 мыңнан астам профессор, ғылым докторлары, кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық ҚР Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары, 47 Мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендиаттары жұмыс істейді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-бұл:

  • Университет кампусында заманауи оқу корпустары, ғылыми инфрақұрылым, ең үлкен кітапхана, 3000 студентке арналған интернет-Орталық, фудкорт, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, өз білімін жалғастырушы магистранттар мен докторанттарға арналған «Жас ғалымдар үйі» және студенттерге арналған заманауи талапқа сай жатақханаларда орын беріледі.
  • 86 мамандық бойынша 16 факультетте магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігімен жоғары білім (бакалавриат). Оқыту үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс, ағылшын.
  • Жоғары және арнайы орта білім негізінде екінші жоғары білім. Оқыту түрі-күндізгі және қашықтықтан жүзеге асырылады.
  • Үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бойынша білім алуға болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button