ЖаңалықРедакция таңдауы

Президент қазақ тілінің жаңа орфографиясы туралы арнайы еңбек әзірлеуді тапсырды

Үстірт жасалған тіл реформасының қажеті жоқ. Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Мен Тіл білімі институтына қазақ тілінің жаңа орфографиясы туралы арнайы еңбек әзірлеуді тапсырдым. Содан кейін ғана латын әліпбиіне ауысу жөнінде айтуға болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент үстірт жасалған тіл реформасының қажеті жоқ екенін қадап айтты.

«Асығыстыққа жол бермеуіміз керек. Тіпті, көшедегі билбордтар мен министрліктердің атауына қарасақ та жеткілікті. Тіліміз бұрмаланып кетті. Ашығын айту керек, бұл қазақ тілінің табиғатына жат, тіпті, тілімізді мазақ қылу сияқты көрінеді. Мұндай үстірт жасалған тіл реформасының қажеті жоқ. Бізге нақты реформа керек. Тіл –ұлттың жаны. Оған немқұрайлы қарауға мүлдем болмайды. Сондықтан біз тіліміздің мәртебесін арттыратын графиканы ғана қабылдаймыз»,- деді Президент.

Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшуде жан-жақты, терең талдау жасап барып, түбегейлі шешім қабылдаған абзал екенін айтты.

Басқа материалдар

Back to top button