Жаңалық Редакция таңдауы

Көп ойыншықтың зияны қандай?

Балаға жаңа ойыншықты алып беру – ол үшін әрқашан да қуаныш. Бірақ та ойыншықтың көп болуы бала үшін зиян екендігі жайында «Пайдалы кеңес» айдарында бөлісетін боламыз.

Ата-ананың көпшілігі балаға ойыншық алып беруге құмар. Бірақ сол тым шектен тыс көп ойыншық балаға зиян екенін біле бермесі анық.

Көп ойыншық бала фантазиясын шектейді. Баяғының балалары көп ойыншықты, ойынға керекті құрал жабдықты өздері ойлап табатын. Сымдардан машина жасап, орамалдан қуыршаққа мебель жасап, тіпті ыдыс ретінде әртүрлі керек емес заттарды қолданып, түрлі дүниелер ойлап табатын.

Ал көп ойыншық баланың ойлануын тежейді, фантазиясы бар ойыншықпен шектеледі.

Тым көп ойыншық алып беретін болсаңыз, балаңыз сәл өскен соң оны таң қалдыратын ештеңе болмай қалады, баланың өз жасынан ерте есеюіне алып келеді,себебі ойыншық ойын қызықсыз болып қалғандықтан, баланың қызығушылығы басқа дүниеге ауытқуы мүмкін.

Сонымен қатар, балаға тым көп ойыншық алып беру-ата-ананың ішкі проблемасы.

Мұндай жағдайда балаға қажет болмаса да, ата-ана бейсаналы түрде балаға ойыншық сатып алып береді.

Балалар және отбасылық психолог Ақгүл Амантайқызының инстаграм парақшасынан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button