Жаңалық Редакция таңдауы

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бірлескен отырысқа Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова және Үкімет мүшелері қатысып жатыр.

Бүгін Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралады.

Отырыс барысында Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми жыл сайынғы жолдау бойынша баяндама жасайды. Аталған жиынға Сенаттың 46, ал Мәжілістің 98 депутаты қатысып жатыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button