Жаңалық Мақала Редакция таңдауы

Ұлттық құрылтай - дала демократиясының ажырамас бөлігі

Қазақ салтында Құрылтай деген ертеден болған. Елді біріктіріп, күрделі мәселелерді шешу мақсатында Құрылтай шақырылып, өзекті мәселелерді реттеп отырған. Бұл дала демократиясының ажырамас бөлігі.

Бүгінгі таңда әлемдік геосаяси ахуал күрделі кезеңде, елімізде реформалар іске асып жатқан заманда Ұлттық Құрылтай шақырып, мәселені халқымызбен бірлесе шешуге деген талпыныстың болуы жақсы үрдіс. Бұл елімізді біріктіріп, жаңа құндылықтырдың генераторына айналатын, мәселелердің нақты шешілуіне мұрындық болатын құрылым болады деп сенеміз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлтты ұйыстыратын парасатты, тың идеялар мен ұсыныстарға айрықша мән берілуі керектігін атап өтті. Ұлттық Құрылтайда елімізді алға сүйрейтін, дамытатын, заманның ағымына сай жаңаруға бағыттайтын тың идеялар айтылып, іске асады деген ойдамын.

Бауыржан Серікбаев,

Саясаттанушы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button