Жаңалық Редакция таңдауы

Армандар орындалатын алқап

Кең байтақ қазақ елінің түкпір-түкпірінде көруге тұрарлық ерекше орындар көп. «Қазақстанның туристік маршруты» айдарының бүгінгі саны алтын арқаның құтты мекені атанаған, көгілдір таулы, бай қазыналы жерлердің бірі – Баянауыл жайлы болмақ.

Сан аңызға арқау болған Баянауылды жергілікті тұрғындар «армандар орындалатын алқап» деп атайды екен.

Баянауыл елдімекені – курортты аймақ, ол 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ статусына ие болды. Саябақ табиғаты өте ерекше жаралған табиғатымен әйгілі: Баянауыл таулары батыстан шығысқа қарай 40-50 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 шақырым. Ең биік нүктесі – Ақбет тауы, ол 1026 м биіктікте. Таулы-орманды оазис 450 шаршы шақырымды алып жатыр, оның негізгі ерекшелігі – жартастар (Кемпіртас, көгершін, Булка (Найзатас), аттың басы, тас жастықтар және Сабындыкөл (ауданы 7,4 шаршы шақырым), Жасыбай (ауданы 4 шаршы шақырым) көлдері, (Әулиетас 22 м) үңгірі мен Драверта үңгірі (тастағы жазулар), Құмыра (сарқырамасы бар 3 м), тас шатқалдары және т.б. көрікті жерлердің болуы.

Төрт көлдiң, яғни Жасыбай, Сабындыкөл, Торыайғыр, Бiржанкөлдiң ортасындағы тұнық табиғат төрiнде, «Баянауыл» ұлттық паркiне кiретiн сайын даланың орналасуымен бiрге, Баянауыл аумағы еңселi тауларымен елге мәлiм.

Баянауыл өңiрiндегi сакралды аймақтар да бiраз жұртқа танымал. Павлодар облысына тән осындай 41нысанның 16-сы Баянауылға тиесiлi. Бесеуi Республикалық картада орын тепкен бес сакралды нысанның үшеуi, яғни,  Машһүр Жүсiп Көпеев кесенесi, «Қоңыр Әулие» үңгiрi, «Жасыбай Батыр» моласы да осы аймақта екенi мәлiм. Мәшһүр Жүсiптiң 150 жылдық мерейтойы қарсаңында, яғни 2006 жылдың қарашасында ашылған жаңа кесененi көруге жас тарихшылар мен зерттеушiлер көп келетiн көрiнедi.

Осы сұлу өңiрдiң ғажайып ескерткiштерiнiң бiрi – «Қоңыр әулие» үңгiрiн айтпасқа болмас. «Қоңыр әулие» үңгiрi жердiң, жануар­лар мен құстар әлемiн қорғаушысы Ной (Нұх) Пайғамбар заманынан бар. Бүгiнде қасиеттi үңгiр қалың жұртқа сая болып, киелi орынға айналып отыр. Үңгiрге көтерiлетiн баспалдақтардың ұзындығы 110 метр, әрбiр 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң бар. Үңгiрдiң жалпы ұзындығы 30 метр. Бұл жердi көру үшiн жер-жерден келетiн саяхатшылардың қатары жыл сайын артып келедi.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button