Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан қоржынында 21 медаль

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 11-18 маусым аралығында Леон қаласында (Мексика) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында бірінші орын алды.

ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралиновтың айтуынша, жарысқа қатысушылардың виза алу кезінде қиындықтар болған. Сондай-ақ спортшылардың басым бөлігі алғаш рет Әлем чемпионатына қатысып отыр.

«Жарыс қорытындысы бойынша, біздің құраманың қоржынында түрлі дәрежедегі 21 медаль бар. Бұл ауыр атлетиканың Қазақстандағы №1 спорт түрі екенін білдіреді. Сондай-ақ атлеттеріміздің алдағы құрлықтық, әлемдік жарыстар мен Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсету үшін зор әлеуеті бар екенін дәлелдейді», – деді ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралинов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button