Жаңалық Редакция таңдауы

Ең алғашқы банкомат қашан пайда болды?

27 маусым – банкоматтың туған күні. Сондықтан банкоматтың шығу тарихы туралы және басқа да қызықты деректермен бөлісуді жөн көрдік.

Банкоматтың пайда болуы банк клиенттеріне қызмет көрсетуді жеңілдетуге мүмкіндік беріп, банк саласының дамуына септігін тигізді.

1967 жылы 27 маусымда британдық Barclays банкінің филиалында алғашқы қолма-қол ақша беретін терминал орнатылды. Клиентке қағаз банкноттарды тарататын құрылғыны Үндістанның тумасы шотландиялық Дж. Шепард-Баррон ойлап тапқан. Оның құны 18 мың доллар болды. Ағылшын шоумені және әзілкеш Р.Варни бұл құрылғыны бірінші болып пайдаланды. Алғаш банкомат қорабының қалыңдығы 1,6 см болған. Сосын банкте берілген арнайы ваучерді бергенде ғана машина қолма-қол ақша берді. Тек 1973 жылы дүниежүзінде пластикалық банк карталарының жаппай пайда болуына байланысты банктер банкоматтарда мүмкіндігінше көп қаржылық операцияларды жүргізу үшін олардың функционалдығын жаңартуға мәжбүр болды. Бұл қолма-қол ақша алуға арналған мұндай құрылғылардың әлемнің көптеген елдерінде пайда болуына әкелді.

Карточкада сақталған PIN-кодты 1965 жылы британдық инженер Джеймс Гудфеллоу ойлап тапқан. Аңыз бойынша, PIN-код 6 таңбалы сан болуы керек еді, бірақ өнертапқыштың әйелі мұндай сандарды есте сақтай алмаған, сондықтан ол төрт таңбалы комбинацияға тоқталу туралы шешім қабылдады.

Қазір дүниежүзінде үш миллионнан астам банкомат бар , соның ішінде біреуі Антарктидада. Қытай, Үндістан, Филиппин, Пәкістанда ең көп банкоматтар орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button