Жаңалық Редакция таңдауы

Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 маусымда Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Бүгін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;

29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;

30 маусымда Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді» делінген Президенттің қатысуымен өтетін осы аптадағы іс-шаралар аңдатпасында.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button