Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанның рекордтары: 2 тонна Наурыз көже

«Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабы» айдарының бүгінгі саны 2 тонна болған Наурыз көже жайлы болмақ.

2021 жылы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында Түркістан тұрғындары «Наурызфест» фестивалін ұйымдастырған. Бұл мерекенің басты жаңалығы – «Наурыз көже» болды. Себебі, бұған дейін еш жерде болмаған 2 тонна Наурыз көже пісіріліп, Қазақстанның рекордын орнатты.

Рекордтар кітабы 2 жылда бір рет шығатынын ескерсек, 2017 жылы Алматы қаласында 350 келі Наурыз көже дайындалып, рекордтар кітабына енген болатын. Сол рекордты Түркістан қаласы жаңартты.

Көжені 5 адам мерекеден бір күн бұрын бастап, түнімен дайындап шыққан. 7 түрлі дәннен бөлек 200 келі еттен қазы әзірленген. Сонымен қатар, 200 литр айран, 90 келі сүзбе қосылған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button