ЖаңалықРедакция таңдауы

Ақтөбелік оқушы халықаралық стартап байқауының жеңімпазы атанды

Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқу­шысы Арман Жалғасбаев Caspian Startup-2022 халық­аралық стартап байқауында жеңімпаз атанды.

Ақтау қаласында өткен байқауға Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстаннан 120-дан астам жоба келіп түсті. Олардың бар­лығы табысты стартаптарды құру­ға және ілгерілетуге, сондай-ақ стар­тап мәдениетін қалыптастыруға, инвес­тор­лар тартуға, зияткерлік меншікті қорғауға бағыт­талған.

Dioth.tech жобасын қорғап, жеңіске жет­кен Арман Жалғасбаев Қазақстан-Британ техникалық универ­ситетінің грантын иеленді. Мек­теп қабыр­ға­сында республикалық ғылы­ми жо­балар байқауы мен физика пәні бо­йынша желілік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы болған Арман биыл Ақтөбедегі NIS-тің үздік оқушысы атанды.

Тауардың түпнұсқалығын тексе­ретін смарт жапсырма бойынша Арманның жаңа стартапы кез келген брендке өз өнімдерінің бірегейлігін анықтауға көмектесіп, тұтынушымен жедел бай­ланыс орнатуға мүмкіндік береді. «Енді тауардың түпнұсқалығын көп күш жұмсамай-ақ бірнеше секундта тексеруге болады.

Оқушы бұл мәселенің экологиялық жағы бар екендігін де жеткізді. Өйткені жаһандық шығарындылардың 8 пайы­зы киім өндірісінің қалдықтарынан түзіледі. Өндірілетін киімнің басым бөлігі контрафактілік екенін ескере отырып, жалған бұйымдарды жап­пай өндіру мәселесін шешу пла­­не­тамызды көміртегінің үлкен шы­ға­рындыларынан және ауаның лас­тануынан құтқара алады. Айта кету керек, 2020 жылы сән индустрия­сы жалған тауарларды сату салдарынан 50 миллиард доллардан астам шы­ғынға ұшырады.

Caspian Startup-2022 байқау­ын­­­да «Бола­шақтың мектебі», «Әлеу­меттік мәселелерді шешу», «Ту­ризм» бағыттары бойынша табысты өмір сүруді қамтамасыз ететін IT-стар­таптарды ұсынды. Ең мықты авторлар бизнес, білім беру, медицина, IT және басқа да сала кәсіпқойларынан ірік­телген беделді қазы­лар алқасының алдында өз жобаларын қорғады.

Басқа материалдар

Back to top button